Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына
ҚР Президентінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 434 Жарлығымен бекітілді
2017 жылғы 25 наурызда күшіне енді
Пәкістан Ислам Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатындағы міндеттемелері туралы меморандум Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (бұдан әрі - ШЫҰ немесе Ұйым) және Пәкістан Ислам Республикасы, 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясында (бұдан әрі - Хартия) бекітілген мақсаттар мен қағидаттарды және 2007 жылғы 16 тамыздағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартының (бұдан әрі - Шарт), сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған басқа да халықаралық шарттар мен құжаттардың ережелерін ұстанатынын растай отырып, 2010 жылғы 11 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің (бұдан әрі - МБК) Пәкістан Ислам Республикасын Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылдау рәсімін бастау туралы 2015 жылғы 10 шілдедегі № 4 шешімін негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылады және Пәкістан Ислам Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында қабылдаған міндеттемелерді қамтиды.
2-бап. Пәкістан Ислам Республикасының жалпы міндеттемелері
Пәкістан Ислам Республикасы Хартияның, Шарт ережелерінің мақсаттары мен қағидаттарын, сондай-ақ ШЫҰ шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен құжаттарды сақтауға міндеттенеді.
3-бап. Пәкістан Ислам Республикасының ШЫҰ шеңберіндегі халықаралық шарттарға қосылуы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|