Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 53-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жастар ұйымдарын тарта отырып және оку бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі - Жұмыс жоспары) бекітілсін. 2. Жергілікті атқарушы органдар (келісім бойынша), жоғары оқу орындары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері Жұмыс жоспарын іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. 3. Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, Жұмыс жоспарының іс-шараларын орындау жөніндегі қорытынды ақпаратты Заң департаментіне ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген
Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|