|
|
|
Қостанай облысының аумағында COVID-19 жағдайларының тіркелуіне байланысты шектеу карантиндік шараларын одан әрі қолдану туралы (2022.10.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қостанай облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 5 Қаулысымен күші жойылды
Қостанай облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.14.01. № 1 Қаулысымен бүкіл мәтіні бойынша «№ 44 ҚР БМСДҚ» деген сөздер «№ 1 ҚР БМСДҚ» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022.28.01. № 3 Қаулысымен бүкіл мәтіні бойынша «ҚР МБСДҚ № 1» деген сөздер «ҚР МБСДҚ № 7» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысымен (бұдан әрі- № 38 ҚР МСБДҚ) және «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысымен (бұдан әрі – № 42 ҚР МСБДҚ), Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID -19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.14.01. № 1 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.19.01. № 2 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.01. № 3 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.10.02. № 4 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Аудандар мен қалалар әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпкерлік субъектілері, Қостанай облысының тұрғындары осы қаулының 1 - тармағының 1-60 тармақшаларына сәйкес: 1) Қостанай облысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы автоөтпе жолдарда келетін адамдарға қатысты іс-шаралар жүргізуді «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес жүзеге асыру; 2) № 38 ҚР МСБДҚ 1-т. бекітілген ұйымдар/объектілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID -19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа рұқсат беруді шектеу; 3) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысын тоқтата тұру; 4) белгіленген кестеге сәйкес соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен міндетті өңдеу, қорғаныш маскаларынсыз қоғамдық көлікке жолаушыларды жібермеу, барлық есіктерді ашу, отырғызу орындарының саны бойынша толымдылығы бар, көлік бірліктерінің ең көп саны қауырт уақытта желіге шығатын қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру; 4-1) халықтың қоғамдық көліктегі байланыстарын азайту мақсатында ұйымдар (кәсіпорындар) жұмысының сараланған кестесін енгізу жөнінде шаралар қабылдау; 5) жүргізуші мен жолаушылардың міндетті түрде бетперде кие отырып, уақыт бойынша шектеусіз таксимен жүріп-тұруға рұқсат беру; 6) өңірлер мен елді мекендер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беру; 7) Қостанай облысы елді мекендерінің аумағында тұрғындардың маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен уақыт бойынша шектеусіз жүріп-тұруына рұқсат беру тек «Ashyq жасыл мәртебесі» бар адамдар үшін; 8) азық-түлік сатып алу үшін дүкендерге, дәріханаларға, емдеу ұйымдарына шығуды, қоқысты шығаруды, жануарларды серуендетуді, саяжайға баруды қоспағанда, Қостанай облысының елді мекендерінің аумағы бойынша 65 жастан асқан азаматтардың жүріп-тұруын шектеу; 9) форумдар, конференциялар, семинарлар, ойын-сауық, мерекелік, естелік іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және ашық ауада да, үй ішінде де адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салу, сондай-ақ жаппай корпоративтік және басқа да іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлер мен құрылыстарды жалға алуға тыйым салу. Вакцинациядан өткен 10 адамнан аспайтын қатысушылармен жеке кездесулер өткізуге рұқсат етіледі. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 10) № 42 ҚР МСБДҚ 3 қосымшасымен бекітілген алгоритмді сақтай отырып, түнгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда); 11) ойын-сауық мекемелерінің (бильярд, кальян, компьютерлік клубтар, боулинг клубтары, батуттар, балалар ойын алаңдары және жабық үй-жайлардағы аттракциондар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметін тоқтата тұру. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер №1 ҚР БМСДҚ сәйкес жұмыс істейді; 11-1) көрмелердің, түнгі және ойын клубтарының жұмысына тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 12) театрлардың, мәдениет үйлерінің, концерт залдарының, филармониялардың жұмысына тыйым салу. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 13) мәдениет объектілерінде жеке және топтық дайындықтар өткізуге тыйым салынсын. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жеке және топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілсін; 14) кітапханалардың, музейлердің қызметіне рұқсат беру; 15) діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне ұжымдық Құдайға құлшылық ету және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «жұма намазын» өткізбей-ақ жеке-жеке рұқсат ету. «Ashyq» жобасына қатысатын діни объектілер және оларда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 16) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, оның ішінде қала сыртындағы жол бойындағы сервис объектілерінің, жазғы алаңдардың қызметіне рұқсат беру, оларды толтыру 50% - дан аспайтын және бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған, 1 үстелде 4-6 адамнан аспайтын, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режимін белгілей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр рұқсат беру. Демалыс және мереке күндері қызметті тоқтата тұру. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтандырудың барлық объектілеріне жұмыстан тыс уақытта (жұмыс күндері, мереке және демалыс күндері) өнімді шығаруға және жеткізуге ғана дайындауға рұқсат етіледі; 17) фудкорттардың жұмысына тек алып шығуға және жеткізуге рұқсат етілсін. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 18) стрит – корттардың (жеке тұратын шатырлар, ларектер, отыратын орындары жоқ дүңгіршектер) штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат беру; 19) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, азық-түлік дүкендерінің барлық түрлерінің қызметіне рұқсат беру; 20) азық-түлік емес тауарларды, сауда кешендерін, сауда үйлерін, сауда желілерін, азық-түлік емес дүкендерді 20:00-ге дейін, толықтырылуы 30%-дан аспайтын сату бөлігінде сауда-ойын-сауық орталықтарының (СОО) қызметіне рұқсат беру. Ауданы 2000 шаршы метрден асатын объектілердің, оның ішінде демалыс және мереке күндері азық-түлік емес тауарларды өткізетін СОО-ның жұмысына тыйым салу. Ойын-сауық аймақтарының жұмысына рұқсат етілмейді. «Ashyq» жобасына қатысатын СОО, сауда үйлері, сауда желілері, ойын-сауық аймақтары «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 21) күшейтілген санитариялық – эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, фотосалондардың, гүл сататын объектілердің жұмысына рұқсат беру; 22) демалыс және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, оның ішінде жабық базарлардың жұмысына рұқсат берілсін. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 23) дәріханалардың, оптиканы өткізу дүкендерінің және медициналық мақсаттағы тауарлардың қызметіне уақыт бойынша шектеусіз рұқсат беру; 24) аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологияның (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беру; 25) эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, медициналық тексерулер мен профилактикалық егулерді қоспағанда, МСАК ұйымдарында жоспарлы скринингтер көрсетуді тоқтата тұру; Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесу үшін балалар үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге ПТР әдісімен COVID -19-ға зертханалық тексеру туралы теріс нәтижесі бар, берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде баруға рұқсат етіледі; 26) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлықменшік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттықформатта оқытуды қамтамасыз етсін; 26-1) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қалыптасу талаптарының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін; 27) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп – интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беру; 28) 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 ҚР МСБДҚ-да баяндалған талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне штаттық форматта рұқсат беру; 29) Қостанай облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.14.01. № 1 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 30) топтарда шұғылданатындар саны 15 адамнан аспайтын балалар секцияларының, үйірмелерінің, факультативтерінің жұмысына рұқсат етілсін; 31) «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беру; 32) санаторийлердің, профилакторийлердің, демалыс үйлері мен базаларының штаттық режимде, толымдылығы 80%-дан аспаған кезде жұмыс істеуіне рұқсат беру; 33) халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілер мен ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, туристік базалар және т.б.) қызметіне штаттық режимде, толықтырылуы 80% - дан аспайтын жағдайда рұқсат беру. «Ashyq» жобасына қатысатын қонақ үйлер, отелдер ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес шектеулерсіз жұмыс істейді; 34) қоғамдық моншалардың жұмысына бір келушіге 20-00-ге дейін 4 ш.м. есебінен рұқсат беру. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 35) бір мезгілде жобалық сыйымдылығынан 50%-дан аспайтын келушілердің қатысуымен және бір келушіге кемінде 5 ш.м. есеппен 20:00 сағатқа дейін сауналар, СПА-орталықтар, термопара жұмысының рұқсат. Демалыс және мереке күндері қызметті тоқтата тұру. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді тек; 36) аквапарктардың қызметін тоқтата тұру. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді тек; 37) 1 адамға су айнасының 5 ш. м есебінен 20:00 сағатқа дейін алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметіне рұқсат беру. Демалыс және мереке күндері қызметті тоқтата тұру. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді тек; 38) косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін шаштараздар, сұлулық салондары, орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметтері, массаж салондары, солярийлер қызметіне алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м. есебінен рұқсат беру; 39) жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, йога орталықтарын, спорттық-сауықтыру орталықтарын және басқаларды қоса алғанда, фитнес-орталықтар) бір келушіге сағат 20:00-ге дейін толтырылуын 50% - дан аспайтын және 5 шаршы метрден кем емес қамтамасыз ету кезінде жұмыс істеуіне рұқсат беру. Демалыс және мереке күндері қызметті тоқтата тұру. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді тек «Ashyq жасыл мәртебесі» бар адамдар үшін; 40) көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізуге тыйым салу. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер спорттық іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) 20% - дан аспайтын толықтырумен өткізеді. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес жұмыс істейді; 41) «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес «Ashyq» жобасына қатысу шартымен марафондар өткізуге рұқсат беру; 42) «ҚР МБСДҚ № 7 сәйкес «Ashyq» жобасына қатысу шартымен ұлттық құрама, клубтық командалар, облыстық командалар үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру; 43) ашық ауада жеке жаттығуға рұқсат беру; 44) 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтарды қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және көрікті жерлерге шолу жасауға тыйым салу. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге «ҚР МБСДҚ № 7 талаптарына сәйкес облысаралық және қалалық тұрақты емес шығуларды жүзеге асыруға рұқсат етілсін; 45) аттракциондардың ашық ауада жұмыс істеуіне рұқсат беру; 46) 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға рұқсат беру; 47) жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының) жиналуына жол бермеу; 48) өнеркәсіп кәсіпорындарының; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілерінің қызметіне рұқсат беру; 49) мемлекеттік органдар (ұйымдар) кеңселерінің, квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беру, бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80% - ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 15-тен астам қызметкер болған кезде). Бірінші кезекте міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда, COVID -19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-мен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады; 50) халыққа жанасусыз қызмет көрсету бойынша объектілердің қызметіне рұқсат беру (автожуу, шиномонтаж шеберханалары, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т.б.); 51) туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың қызметіне рұқсат беру (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, қоғамдық пункттер, ломбардтар және т.б.); 52) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеумен Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру; 53) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, демалыс және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, «Қазпочта» АҚ-ның жұмысты барынша онлайн форматта 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсете отырып, рұқсат беруі; 54) демалыс және мереке күндері қызметін тоқтата отырып, ХҚО - ның 9-00 – ден 18-00-ге дейінгі жұмысына рұқсат беру, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің, термометрияның, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету. Алдын ала брондаусыз «Ashyq» қосымшасы арқылы ХҚКО-ға бару; 55) қоғамдық орындарда, оның ішінде ашық ауада, қоғамдық көлікте, халыққа келуге, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата маскаларын міндетті түрде тағып жүру: - бес жасқа дейінгі балалар; - қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайлары; - әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке және топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда. 56) барлық объектілер санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және дезинфекциялық іс - шараларды күшейту бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері қаулыларының талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін; 57) меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, барлық объектілерде маска режимін, келушілердің әлеуметтік қашықтығын, бақылау термометриясын жүргізуді сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге, жоғарыда аталғандардан басқа, келушілердің мәртебесін 100% бақылауды қамтамасыз ету. «Қызыл» және «сары» мәртебесі анықталған кезде растаушы материалдарды («сары/қызыл» мәртебенің скриншоты) ұсына отырып, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларын ұтқыр байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен дереу хабардар етуге міндетті. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарды объектілерге баруға жібермеу»; 58) барлық меншік нысанындағы субъектілерге (объектілерге) жіті респираторлық аурулар (температура, мұрынның бітелуі, жөтел және т.б.) белгілері бар персоналды жұмысқа жібермеуге міндетті; 59) Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезде, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде, науқастар мен байланыста болған адамдарға сауалнама және сауалнама жүргізген кезде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісімінсіз аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізуге тыйым салу; 60) адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, мониторингтік топтардың карантин режимін сақтау жөніндегі жұмысын күшейту. 2. Полиция департаменті жұмысын жалғастырсын және қамтамасыз етсін: 1) тұрғын үй секторын, базарларды, сауда объектілерін, саябақтарды, скверлерді, аулаішілік балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын, қоғамдық көлікті бетперде режимін сақтау және әлеуметтік қашықтық тұрғысынан патрульдеу; 2) осы қаулының талаптарын бұза отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға баянаттар, материалдар ресімдей және кейіннен бере отырып, отбасылық, ұжымдық және өзге де бұқаралық іс-шаралар (үйлену тойлары, еске алу және т.б.) өткізілетін шектеулер режимін бұзушыларды анықтау; 3) COVID -19 бойынша байланыста болған адамдарды ауруханаға жатқызу карантиндеу орындарын күзету; 4) COVID -19 бойынша байланыста болған адамдарды, сондай-ақ COVID -19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдарды іздеу және карантинге қою жөнінде шаралар қабылдау. 3. Аудандар мен қалалар әкімдері, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, полиция департаменті қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шараларды қолдану. 4. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 18, 2021 жылғы 19 шілдедегі № 19, 2021 жылғы 28 шілдедегі № 20, 2021 жылғы 11 тамыздағы № 21, 2021 жылғы 27 тамыздағы № 22, 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 23 қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді..
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |