Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар нысандарын бекіту туралы (2022.21.06. берілген өзгерістермен)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН: 1. Мына: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия нысаны; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензия нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|