«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 318 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 373 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 37 Қаулысымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 318 қаулысына (2016 жылғы 28 қыркүйек «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3896 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент): 6-тармақмынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге осы регламенттің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады - 20 (жиырма) минут; 2) кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкіліне) құжаттар пакеті қабылданған күн мен уақыт көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралыбелгісі бар өтініштің көшірмесін береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 30 (отыз) минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|