«Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«БҰЙЫРАМЫН: 1. «Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер: 1) абсолюттік биіктік - теңіздің орта деңгейінен нүктенің немесе нүкте деп есептелген объектінің деңгейіне дейінгі тік қашықтық; 2) схеманың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі - кедергілерден ұшып өтудің ең аз абсолюттік/салыстырмалы биіктігінде немесе ол белгіленген жерден жоғары ұшу схемасының тік профилін айқындау кезінде пайдаланылатын жарияланған абсолюттік / салыстырмалы биіктік; 3) авиациялық белгіленген қызметі - негізінен аэронавигацияның қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығын, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге арналған белгілі бір тіркелген пункттер арасындағы электр байланысы қызметі; 4) ақпараттық өнімнің сипаттамасы - деректер массивінің немесе деректер массивтерінің жиынтығының егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ оларды құруға, екінші тарапқа қоюға және екінші тараптың пайдалануына мүмкіндік беретін қосымша ақпарат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|