ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.03.09. № 381 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.17.11. № 484 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.15.12. № 527 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.28.12. № 548 бұйрығымен (бұр.ред.қара) әдістемелік ұсынымдар жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (2021.31.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.31.03. № 137 бұйрығымен 1-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсарту жағдайларында орта білім беру ұйымдарында оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру мақсатында әзірленген. Әдістемелік ұсынымдар меншік түріне қарамастан барлық орта білім беру ұйымдарында пайдаланылады. 2. IV тоқсан санитариялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жалғасады (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы қаулысы): 1) білім алушылар контингенті 300-ге дейін, сыныптарда балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту; 2) өңір тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтарда) болған жағдайда мектепке дейінгі, 1-11-сыныптарда толымдылығы 25 оқушыдан аспайтын сыныпта аралас оқыту ұйымдастырылады (пәндердің/сағаттардың бір бөлігі дәстүрлі оқытуға, бір бөлігі - қашықтан оқытуға, ауысымдар бойынша оқытуға, оқыту күндерінің кезектесіп және т. б., білім беру ұйымының жағдайларына сүйене отырып оқытуға көшеді); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|