Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласын, оның ішінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 732 бұйрығы
Халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласын, оның ішінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде нормативтік құқықтық актілердің деңгейлері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары түрінде ұсыныстар енгізсін. 3. Министрліктің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, жұмыс тобы қызметінің шарттарын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 732 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|