Выступление Президента Казахстана Н.Назарбаева на VII съезде судей Казахстана
Қазақстан судьяларының 7 съезінің ашылуымен құттықтай отырып, бүгінгі жұмыстарыңызға жеміс тілеймін. Өздеріңіз білесіздер, біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өту қарсаңында тұрмыз. Қазақстан бүгін - қалыптасқан, әлем таныған және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде танылып отыр. Оны бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. Біздің табыстарымыздың дәлелі заманға сай және тиімді сот билігі болып табылады. Біздің реформалардың алғашқы күндерінен бастап экономикада алға жылжу бар, халықтың жағдайын өзгерттік, әлеуметтік салада көп өзгерістер болды. Алайда сот пен құқық қорғау органдары жүйесі түзелмей біз еш уақытта реформаларды аяқтадық деп айта алмаймыз. Алайда бұл жол оңай болған жоқ. Ширек ғасыр бұрын бізде нағыз құқықтық, сондай-ақ шынайы сот жүйесі болған жоқ деп айтуға болады. Соттар партиялық-бюрократтық аппараттың қолжаулығы болғанын білеміз. Тәуелсіздігіміздің таңында бізге көп нәрсе жетіспеді, сол кезде судьялық корпусты қайта оқыту, судьялардың жаңа буынын тәрбиелеу, әкімшілік-командалық ойлау стереотиптерін жою қажет болды. Бүгін біздің алдымызға қойған міндеттеріміз табысты шешімін тапты деп айта аламыз. Қоғамда және мемлекетте соттардың абыройы мен ықпалы артып келеді. Егер бұдан бұрын соттар құқық қорғау жүйесінің бөлігі және жазалаушы саясаттың құралы болса, қазіргі уақытта сот - бұл басты құқық қорғаушы институт бола бастады. 25 жылда сот билігі «аяғынан тұрды» және реформалар барысында ең үздік шетел тәжірибесі мен әлемдік стандарттарды игеріп, сапалы жаңа келбетке ие болды. Өткен кезеңде сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту мақсатында сот жұмысының негізі - жаңа құқықтық база қалыптастырылды, қажетті ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Сот төрелігіне қолжетімділік деген маңызды мәселе табысты шешілуде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|