|
2015 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (2024 ж. 7 қарашада Брюссель қ.)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 309 Қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері (бұдан әрі бірге «Тараптар», жеке-жеке «Тарап» деп аталатын); 2015 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) сүйене отырып; Қазақстан Республикасының азаматтары мен Бенилюкс мемлекеттерінің азаматтары - жарамды қызметтік/ресми паспорттар иелерінің тиісті мемлекеттерге кіруін жеңілдетуге ниеттене отырып; Келісімге мынадай өзгерістер енгізуге келісті:
Келісімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің Үкіметтері арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім».
Келісім кіріспесінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының азаматтары мен Бенилюкс мемлекеттері азаматтарының - жарамды ұлттық дипломатиялық немесе ұлттық қызметтік/ресми паспорттар иелерінің тиісті мемлекеттерге кіруін жеңілдетуге ниеттене отырып;».
Келісімнің 3-бабының 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жарамды ұлттық дипломатиялық немесе ұлттық қызметтік паспорттардың иелері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары әрбір 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге Бенилюкс мемлекеттерінің аумағына визасыз кіре алады және онда қала алады. 2. Жарамды ұлттық дипломатиялық немесе ұлттық ресми/қызметтік паспорттардың иелері болып табылатын Бенилюкс мемлекеттерінің азаматтары күнтізбелік 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына визасыз кіре алады және онда қала алады.».
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|