|
|
|
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 15 Қаулысы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 9-, 36-, 102-, 104- және 107-баптарына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 тамыздағы № 34 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 1) Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында: - әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталып; - күн сайынғы «кіру» сүзгісіне (жанаспайтын термометрмен термометрия) қойылатын талаптар алынып тасталсын. 2) «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. 3) Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы «кіру» сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі. 4) Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігіндегі талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін. 2. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті. 3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |