Қазакстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісім (Мәскеу қ., 2019 жыл 3 сәуір)
2019 жылғы 17 сәуірден бастап уақытша қолданылады ҚР 2020 жылғы 26 наурыздағы № 305-VІ Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісімді, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартын, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімді басшылыққа ала отырып, «Байқоңыр» кешенін дамытуға өзара мүдделілігін білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдардың мынадай мағынасы бар: «газ» - газ тәріздес күйде болатын, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу саласындағы құқығының талаптарына сай келетін, «Байқоңыр» кешенінің аумағына «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры жүйесінен берілетін, құрамында метаны басым көмірсутегілердің көпқұрамдас қоспасы; «Байқоңыр» кешені» - «Байқоңыр» ғарыш айлағының сынақ, технологиялық, ғылыми, өндірістік-техникалық, әлеуметтік және қамтамасыз ету объектілері және олардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкімен Байқоңыр қаласы; «газды тұтынушылар» - тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық немесе өнеркәсіптік тұтынушы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|