Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № А-9/371 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бекітілсін: осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицидтердің түрлері және отандық өндіріс гербицидтерін жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограммына) субсидиялар нормалары; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицидтердің түрлері және шетелдік өндіріс гербицидтерін жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограммына) субсидиялар нормалары. 2. «Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № А-6/226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2015 жылғы 4 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін. 4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
2015 жылғы 6 тамыздағы № А-8/377 қаулысына 1-қосымша
Субсидияланатын гербицидтердің түрлері және отандық өндіріс гербицидтерін жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограммына) субсидиялар нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|