|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы заматтарының
Осы редакция 2016 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2012.05.07. № 26-V Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 5 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тараптар мемлекеттерінің арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту, өз азаматтарының сапарларын құқықтық реттеу мақсатында, 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы мәңгілік достық туралы шарттың ережелері мен қағидаттарын назарға ала отырып, бір Тарап мемлекеті азаматтарының басқа Тарап мемлекетінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Басқа Тарап мемлекетінің аумағында уақытша жүрген бір Тарап мемлекетінің азаматтары келген мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес уәкілетті органында тіркелуге міндетті. Бір Тараптың азаматтарын тіркеу кіру Тарапы мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 90 тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және осы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес дәл осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар: Қазақстан Республикасының Үкіметінен - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қырғыз Республикасының Үкіметінен - Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіркеу қызметі.
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары Тараптар мемлекеттерінің шекараларындағы халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы екінші Тараптың аумағына келеді, кетеді және транзитпен жүреді.
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары мынадай жарамды құжаттар бойынша басқа Тарап мемлекетінің аумағына кіре алады (шыға алады): Қазақстан Республикасы үшін: 1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі. 2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты. 6. Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлік (тек Қазақстан Республикасына оралу үшін). 7. Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілілігін көрсете отырып, 16 жасқа толмаған балалар үшін анықтама-жапсырмасы бар (суреті бар) туу туралы куәлік. Қырғыз Республикасы үшін: 1. Дипломаттық паспорт. 2. Қызметтік паспорт. 3. Қырғыз Республикасы азаматының паспорты (ID-карта). 4. Қырғыз Республикасы азаматының жалпыазаматтық паспорты. 5.Теңізшінің паспорты (кеме рөлі бар болса - одан үзінді). 6. Қырғыз Республикасына оралуға арналған куәлік (тек Қырғыз Республикасына оралу үшін). 7. Қырғыз Республикасының азаматтығына тиесілілігін көрсете отырып, 16 жасқа толмаған балалар үшін анықтама-жапсырмасы бар (суреті бар) туу туралы куәлік.
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары басқа Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта келген жерінде оның ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.
Осы Келісім Тараптар мемлекеттері әрқайсысының басқа Тарап мемлекетінің өз аумағында болуы қолайсыз деп саналатын азаматтарының келуінен бас тарту немесе олардың болу мерзімін қысқарту құқықтарын шектемейді.
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданысын толығымен немее ішінара тоқтата тұруға құқылы. Бір Тарап осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа қолданысын тоқтата тұру күніне дейін 72 сағаттан кешіктірмей жібереді. 2. Осы Келісімнің қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдаған Тарап, осы Келісімнің қолданысын қайта бастау күніне дейін 72 сағаттан кешіктірмей қолданысын қайта бастау күні туралы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жібереді.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімді түсіндіруге және орындауға қатысты даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен реттеледі.
1. Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы алынған күнінен бастап күшіне енеді. 2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа бұл туралы жазбаша нысанда хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданысын біржақты тәртіппен тоқтата алады. Бұл жағдайда осы Келісім мұндай хабарлама алынған күнінен бастап алты (6) ай өткен соң қолданысын тоқтатады.
2012 жылғы 11 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіннің де күші бірдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |