Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы (2021.21.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына, өңірлік қолбасшылықтарына, Әскери институтына және әскери бөлімдеріне тиістілігін көрсететін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерінің сипаттамасы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері үшін жеңдегі белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 681 бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|