Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметі үшін геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізу бойынша субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнің қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тексеру парағы; 6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тексеру тексеру парағы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|