Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау туралы
Соттың жасырын тергеу әрекеттерін санкциялауын реттейтін заң нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді: 1. Жасырын тергеу әрекеті - бұл қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін мүдделеріне қатысы бар адамдарға алдын ала хабарламай сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жүргізілетін әрекет. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі - ҚПК) көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) келісімі бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар бекіткен Қағидаларда айқындалады. 2. Жасырын тергеу әрекеттері іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша заң мүлтіксіз сақталып және Қазақстан Республикасының Конституциясында (бұдан әрі - Конституция) көзделген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіліп, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу талаптары сақталған және жүргізуге негіздер болған кезде жүзеге асырылады. Әдетте жасырын тергеу әрекеттері істің мән-жайлары туралы ақпаратты өзге тергеу әрекеттері арқылы алу мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі. 3. Соттар қылмыстық іс шеңберінде жүргізілетін жасырын тергеу әрекеттерін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңына (бұдан әрі - ЖІҚ туралы Заң) сәйкес жүзеге асырылатын жедел-іздестіру іс-шараларынан (бұдан әрі - ЖІІ) ажырата білулері қажет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|