Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулардың алдын алудың кейбір мәселелері туралы (2019.25.06. берілген өзгерістермен)
Инфекциялық сырқаттанушылықтың таралуын болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша республикалық штаб құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша республикалық штабтың (бұдан әрі - Штаб) құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықты тұрақтандыру бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті: 1) бекітілген Кешенді жоспарды облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қоғамдық денсаулық сақтау департаменттеріне жіберсін; 2) Кешенді жоспар тармақтарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 3) жылына 2 рет (жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша) және инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай асқынған кезде кезектен тыс тәртіппен инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған ұсыныстарды дайындау үшін ақпарат ұсынсын. 4. Штаб жылына 2 рет (жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша) және инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай асқынған кезде кезектен тыс тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған ұсыныстар жіберілсін. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (келісім бойынша) басшылары 2018 жылғы 10 маусымға дейін менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықты тұрақтандыру бойынша өңірлік штабтар құрсын және профилактикалық және эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспарын бекітсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|