«Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде: 8-4 және 8-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда, қажет болса, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі. 8-5. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың орындаушысы Үкімет болып табылатын жоспарын жасаған кезде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының үйлестіруі көзделеді.»; 8-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8-7. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептер мен қорытындылардың жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері және қоғамдық кеңестердің өкілдері шақырылып, Қазақстан Республикасының Үкіметінде тыңдалады. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен айқындалған нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.»; 8-10 және 8-11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|