|
|
|
28.09.2021 В Алматы проведена разъяснительная работа
27 сентября текущего года специалистами Департамента комитета технического регулирования и метрологии по г. Алматы проведена разъяснительная работа представителю производителя охлаждающей жидкости (антифриз) ИП «Садибеков». Данные мероприятия проводились в рамках заявления ОЮЛ «Ассоциация производителей и потребителей автохимии Казахстана», ввиду реализации охлаждающих жидкостей, не соответствующих требованиям технического регламента таможенного союза «О требованиях к смазочным материалам, маслам и специальным жидкостям» ТР ТС 030/2012. Специалистами Департамента была проведена разъяснительная работа по требованиям законодательства Республики Казахстан, в части технического регулирования, стандартизации, метрологического обеспечения производства, маркировки готовой продукции, об административных ответственностях за нарушения законодательства Республики Казахстан в области технического регулирования. Также доведена информация о том, что п.1 статьи 35 Закона РК «О техническом регулировании», необходимым условием обращения на рынке продукции, в отношении которой введены в действие технические регламенты, является ее соответствие требованиям, установленным техническими регламентами, подтвержденное в установленном порядке. В ходе встречи представителем производителя были заданы вопросы. На которые сотрудниками Департамента были даны исчерпывающие ответы.
Алматыда түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мамандары «Садибеков» ЖК салқындату сұйықтығын (антифриз) өндірушінің өкіліне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара Кеден одағының «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» КО 030/2012 ТР техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін салқындатқыш сұйықтықтарды өткізуге байланысты, «Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар Қауымдастығы» ЗТБ-ның өтініші шеңберінде өткізілді. Департамент мамандары техникалық реттеу, стандарттау, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, дайын өнімді таңбалау бөлігінде заңнамаларының талаптары бойынша, Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасының бұзылған жағдайдағы әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағына сәйкес, техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнімнің белгіленген тәртіппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі оның нарықтағы айналысының қажетті шарты болып табылатыны туралы ақпарат жеткізілді. Кездесу барысында өндірушінің өкілі сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға Департамент қызметкерлері толыққанды жауап берді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |