|
|
|
Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларды жеңілдету туралы
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Бейсенова С.С., «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, үй карантинін бұзушылардың санының басым бөлігі сауда-ойын-сауық орталықтарында тіркелуін ескере отырып, елордада эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында, мереке күндері қарсаңында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілері: 1.1. сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) штаттық жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыруды қамтамассыз етсін. 2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына, Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы: 2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін; 2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін. 3. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |