Осы редакция 2017 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына 6-қосымша
«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан
1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарын тапсырған кезден бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді көшірме немесе көшірме қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|