Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына 30-қосымша
Электр желілеріндегі электр энергиясы шығындарының нормативтік шамасын есептеу әдістемесі (2025.16.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелерҚР Энергетика министрінің 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы Электр желілеріндегі электр энергиясы шығындарының нормативтік шамасын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр желілері арқылы электр энергиясын беруді жүзеге асыратын ұйымдардың электр желілеріндегі электр энергиясының технологиялық шығындарын есептеуге арналған. 2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) электр энергиясының нақты (есептік) шығындары - желіге түскен электр энергиясы мен желіден босатылған электр энергиясының арасындағы айырма, ол электр энергиясын есепке алу жүйесінің деректері бойынша айқындалады; 2) электр энергиясын есепке алу жүйесі - электр энергиясының түсуі мен желіден босатылуын өлшеуді қамтамасыз ететін және токты өлшеу трансформаторларын (бұдан әрі - ТТ), кернеу трансформаторларын (бұдан әрі - КТ), электр есептегіштерді, жалғастырушы сымдар мен кабельдерді қамтитын өлшеу кешендерінің жиынтығы. Өлшеу кешендері электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне біріктірілуі мүмкін; 3) электр энергиясының технологиялық шығындары - электр энергиясын тасымалдау кезіндегі технологиялық шығындар мен электр энергиясын өткізу кезіндегі шығындардың жиыны; 4) электр энергиясын тасымалдау кезіндегі технологиялық шығындар - шығындардың екі құрамдас бөлігінің - электр желілері мен электр желісі жабдықтарындағы техникалық сипаттамаларға және желілер мен жабдықтардың жұмыс режимдеріне сәйкес электр энергиясын беру кезінде орын алатын физикалық процестермен негізделген шығындардың (техникалық шығындар), қосалқы станциялардың өз мұқтажына жұмсалатын электр энергиясы шығыстарының жиыны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|