Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы (2025.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-3) тармақшасына, «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ: 1. Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № № 9/65-VIII шешімнің қосымшасы
Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленген. Қағидалардың күші мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|