ҚР СТ ИСО 687-2009
ISO 687:2004 Solid mineral fuels - Coke Determination of moisture in the general analysis test sample (IDT)
Мазмұны
Д.А қосымшасы (ақпараттық) Сынақ хаттамасын рәсімдеу үлгісі
Аналитикалық сынамадағы ылғалды анықтау сынақтардың кейбір әдістерінің нәтижелеріне түзету енгізу үшін, мәселен ұшпа заттардың шығуын, көміртегінің мөлшерін анықтау және т.б. үшін қажет. Сыналатын сынаманың ылғалдылығын ескере отыра, кокстың құрғақ күйіне қайта есептеу жасалады. Кокс ылғалдану қасиетіне ие, демек оның ылғалы қоршаған ортаның ылғалы әсеріне өзгеретін болады, сондықтан кокстың аналитикалық сынамасындағы ылғалды анықтауды әрбір сынақ алдында жүргізеді. Алайда егер сынақтың әрбір түрі үшін өлшенді бір уақытта алынған болса, деректерді қайта есептеу үшін ылғалды бір уақытта анықтау жеткілікті. Осы стандарт халықаралық ИСО/ТК 27 «Минералды қатты отын» техникалық комитеті, 5 ІК «Сынақ әдістері» ішкі комитеті әзірлеген ISO 687:2004 «Solid mineral fuels - Coke - Determination of moisture in the general analysis test sample». (Минералды қатты отын. Кокс. Жалпы талдау үшін үлгідегі ылғалды анықтау) халықаралық стандарты негізінде дайындалды. Екінші басылым (ISO 687:2004) бірінші басылымды (ISO 687:1974) жояды және ауыстырады. Осы стандарттың атауы техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру ерекшеліктеріне байланысты халықаралық стандарты атауына қатысты өзгертілді. Осы стандарт сынақ хаттамасын рәсімдеу үлгісі келтірілген ақпараттық сипаттағы Д.А қосымшасымен толықтырылды.
Осы стандарт коксқа (доменді, құю және т.б.), жартылай коксқа, арнайы коксқа (бұдан әрі - кокс) таралады және аналитикалық сынамадағы ылғалды анықтау әдісін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|