Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7274 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 144/12 шешіміне қосымша
Павлодар облыстық маслихатының 2021 жылғы «22» сәуірдегі № 21/3 шешіміне 1-қосымша
Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын дәрілік заттар
1. «Риоцигуат», Өкпе гипертензиясы ауруы бар азаматтарға таблетка; 2. «Мацитентан», Өкпе гипертензиясы ауруы бар азаматтарға таблетка; 3. «Тобрамицин» (Тоби, Бранитоб), Муковисцидоз (Кистозды фиброз) ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітінді; 4. «Интерферон альфа 1b (Ингарон)», Бастапқы иммун тапшылығы ауруы бар азаматтарға мұрынішілік енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін; 5. «Бепантен», Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға сыртқы қолдануға арналған жақпа май; 6. «Банеоцин», Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға ұнтақ; 7. «Ритуксимаб» (Мабтера), Вегенера Гранулемотозы ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітіндіні дайындау үшін концентрат; 8. «Натрий колистиметаты», Көмей стенозы ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|