«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына және «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап - тексеру қағидаларында: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның, авиакомпанияның (пайдаланушылардың) және азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды тұлғаларына, медициналық куәландыру мен қарауға қатысатын медициналық жұмыскерлерге, авиациялық персоналға, сондай-ақ міндетті медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қолданылады.»; 5, 6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) авиация дәрігері - ұшулар қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар тұлғалардың кәсіби, сондай-ақ жүгінгенде әуежолаушылардың денсаулығын қамтамасыз ететін жоғары медициналық білімі және авиациялық медицина саласында даярлығы бар медицина маманы; 2) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі - АМО) - азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|