ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.25.11. № 893 бұйрығымен 31-қосымшамен толықтырылды; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.25.12. № 446 бұйрығымен 31-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 28-қосымша
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2017.25.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.04.07. № 190 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап: куәлік (куәлік телнұсқасын) беру - 5 (бес) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|