Осы редакция 2017 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына 2-қосымша
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі - ММ), мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі - МКҚК), шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі - ШЖҚМК) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алудың тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуетті өнім беруші - тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум); 2) бюджет - мемлекеттік мекеменің бюджеті. 3) интернет-ресурс - аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|