Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 106-1551 қаулысына 6-қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 106-458 Қаулысымен күші жойылды
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мамандандырылған бөлімімен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімі) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімі арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімінде - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру; көрсетілетін қызметті берушіде - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|