«Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында: 3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «3. Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.»; 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. 10. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар: бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|