«Геология және су ресурстарын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Геология және су ресурстарын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20723 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында: 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шаралары бағдарламасының электрондық көшірмесі қоса беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|