«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы болған кезде қабылдайды. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»; 9-тармақ алып тасталсын; 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және орындаушыны тағайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|