«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында: 24-тармақта: 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) жертөлелерде, цоколь қабаттарында, шатырларда, техникалық қабаттар, техникалық үй-жайларда, желдету камераларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, жанғыш газдары бар баллондарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, целлулоидты, жарылыс-өрт қауіпті, жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға және жинауға;»; 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде және жертөлелердің терезелеріндегі ойықтарда (қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердің және қылмыстық-атқару жүйелері объектілерінің, мекеме қоймаларының, кассаларының, теледидардың бас станциялары, қару-жарақ бөлмелерінің, құпия бөлімдерінің, прекурсорларды сақтау және олардың айналымы үй-жайларын қоспағанда) торларды орнатуға;»; 69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «69. Техникалық қызмет көрсету, мерзімді сынақтар, жоспарлы-алдын ала жөндеу мерзімділігі мен жұмыстардың көлемдері қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді және шартта көрсетіледі.»; 265-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) сауда залдарында жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;»; 1075-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|