«Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9918 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Әскери басқару органы қауіпсіздік шараларын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерінде, құрамаларында немесе мемлекеттік мекемелерінде (бұдан әрі - әскери бөлімдер мен мекемелер) әскери қызмет өткеру және жұмыс ерекшелігін ескеріп, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің, құрамаларының немесе мемлекеттік мекемелерінің азаматтық персонал адамдарына қатысты қолданады. Одан басқа, қорғалатын адамға қатысты қорғалатын адамды жаңа әскери қызмет орнына әскери бөлім мен мекемеге ауыстыру, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні ауыстыру (іссапарға жіберу) түрінде қауіпсіздік шаралары да қолданылады.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|