Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін және жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабы 2) тармақшасына және 42-бабы 3-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына және 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Солтүстік Қазақстан облысы жеке тұлғаларының мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстерді, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинауының нормалары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. «Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін және жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында өз мұқтажы үшін орман ресурстарын жинау нормалары туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/18 шешімінің (2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4689 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|