Қаражал қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қаражал қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021 жылға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 31 наурыздағы № 18 шешіміне қосымша
Қаражал қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021 жылға арналған жоспар
Қаражал қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021 жылға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылдын 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Осы жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалануды, мал азығына деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз етуді және жайылымдардың тозу процестерін болдырмауды қамтамасыз етеді. Жоспар құрамында: 1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Қаражал қаласы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (1-қосымша); 2) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Жәйрем кенті аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (2-қосымша); 3) Қаражал қаласы жайылым айналымдарының қолайлы схемасын (3-қосымша); 4) Жәйрем кенті жайылым айналымдарының қолайлы схемасын (4-қосымша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|