Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністері және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2023.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.13.06. № 480 бұйрығымен (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ішкі істер министрінің 2023.13.06. № 480 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу органдарын ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2023.13.06. № 480 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті (М.С. Әміров) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне (М.С. Әміров) жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|