«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1) газ - тауарлық газ және (немесе) сұйытылған мұнай газы; 2) газды артық жұмсау - газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасынан асып кететін көлемде тұтынушының газды іріктеп алуы; 3) газ құбырындағы газдың технологиялық қоры - газды тасымалдаудың жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін газ құбырындағы қажетті газдың ең аз көлемі; 4) газ құбырының өткізгіштік қабілеті - газ құбырының ішкі диаметрі және тәулігіне 24 сағат тұтыну есебінен жұмыс қысымы бойынша газ шығысы; 5) газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы - шартпен белгіленген бір айдағы газ көлемін тиісті айдың күнтізбелік күндеріне бөлу жолымен айқындалатын газ көлемі; 6) газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасы - тараптардың келісімі бойынша диспетчерлік кестемен белгіленген тәуліктік газ көлемі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|