Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу туралы (2016.17.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеуді жүргізудің рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы бекітілсін. 2. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы: 1) Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) құжаттарын қабылдау жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. Құжаттарды қабылдау кезінде «Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығының талаптарын басшылыққа алсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 22 қаңтарда № 5499 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 10 ақпанда № 20 болып (1617) жарияланған); 2) үміткерлердің жеке іс парақтарын белгіленген мерзімде Комиссияның қарауына ұсынсын. 3. Комиссия: 1) құжаттардың тапсырылған күнінен бастап 5 күн ішінде үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс өткізсін; 2) үміткерлердің жеке іс парақтарын қабылдаушы жаққа белгіленген мерзімде ұсынсын. 4. Баспасөз қызметі шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу туралы ақпаратты тұрақты түрде Министрліктің ресми сайтында орналастырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С. Ырсалиевке жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|