Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан (20 сентября 2017 года)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ (Алтыншы сайланымның үшінші сессиясы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ 2017 жылғы 20 қыркүйек
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З.НЫҒМАТУЛИН жұргізді.
ТӨРАҒА. Қайьфлы күн, құрметті әріптестер! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Прошу всех, уважаемые коллеги, пройти процедуру регистрации. Тіркеу режимі қосылсын. Жұмысымызды бастау ушін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашык деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма? ОРНЫНАН. Жоқ. ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Енді, құрметті әрілтестер, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - «Салық және бгоджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы депутат Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызына беріледі. ҚАРАҚҰСОВА Г.Ж. Рақмет. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! Аталған кодекс жобасы Мәжіліске үстіміздегі жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 577 қаулысымен енгізілді. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы Үкіметтің 2017 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленген. Кодекс жобасы бизнесті «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру, салық базасын кеңейту, салыктық жеңілдіктерді оңтайландыру, арнайы салық режимдерін реформалау, салыктык әкімшілендіруді жақсарту сиякды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті осы кодекс жобасын қарап, ол бойынша 2018 жылғы 18 сәуірге дейінгі мерзімде қорьпынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын. ТӨРАҒА. Рақмет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|