Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 148 Қаулысымен күші жойылды Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 222 қаулысымен бекітілген
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Автомобиль көлігі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне №11476 болып тіркелген) бекітілген «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт), «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Халыққа қызмет көрсету орталығы); 2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі - халықаралық сертификат), халықаралық сертификаттың телнұсқасы немесе Стандарттың 10 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|