ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.29.06. № 471 бұйрығымен 5-4-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 5-4-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі қолданбалы бакалавриаттың мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖМБС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білім мазмұнына, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі қолданбалы бакалавриаттың білім алушыларының ең жоғарғы оқу жүктемесі мен дайындық деңгейіне талаптарды белгілейді. 2. Осы МЖМБС орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында қолданылады. 3. Осы МЖМБС-та келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) базалық құзыреттілік (бұдан әрі - БҚ) - өзін және өз қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділік; 2) біліктілік - алған мамандығы бойынша белгілі қызмет түрін құзыретті орындауға дайындық деңгейі; 3) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру үрдісін, оларды жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерін, оқыту нәтижелерінің бағалау өлшемдерін қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені; 4) дипломдық жұмыс - таңдаған мамандығы саласында өзекті мәселелердің бірінде студенттің өзіндік зерттеулерінің нәтижесін таратуды ұсынатын шығыс жұмысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|