ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 338 бұйрығымен бекітілген
Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурудың пайда болу және таралу қаупін тудыратын органолептикалық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, молекулярлық-биологиялық (полимеразды тізбекті реакция), иммундық-биологиялық (иммундық-ферментті талдау және басқа серологиялық зерттеулер) зертханалық зерттеулерді, шуды, дірілді, электромагниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулерді орындайтын зертханаларға (бұдан әрі - зертхана) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 1) зертхана ғимаратының(тарының) құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға беруге; 2) зертханаларды күтіп-ұстауға, пайдалануға және жұмыс жағдайларына; 3) материалдарды (микроорганизмдерді) сақтауға және тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық; 4) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (оның ішінде аварияларды жою кезінде); 5) сумен жабдықтауға, су бұруға, жарықтандыруға және желдетуге талаптарды да белгілейді. 3. Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға міндетті болады. 4. Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|