Қарағанды облысының аумағында жануарларды асырау Қағидасын бекіту туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 161 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Қарағанды облысының аумағында жануарларды асырау Қағидасы бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А Осин) жүктелсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қырқүйектегі № 221 шешімімен бекітілген
Қарағанды облысының аумағында жануарларды асырау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларды асырау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қарағанды облысының аумағында жануарларды асырау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағида меншік нысанына қарамастан, жануарларды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады. 3. Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді. 4. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады: 1) жануарлар - фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|