Террористік тұрғыдан осал елді мекендерді ауызсумен жабдықтау объектілерін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы (2024.31.08. берілген өзгерістермен)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес террористік тұрғыдан осал елді мекендерді ауызсумен жабдықтау объектілерін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Жергілікті атқарушы органдар осы бұйрық бекітілгеннен кейін алты ай ішінде жарғылық капиталында мемлекет акциялардың (үлестердің) бақылау пакетін тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерді материалдық-техникалық жарақтандыруға бюджет қаражатын бөлуді көздесін. 4. Осы бұйрық бекітілгеннен кейін алты ай ішінде сумен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал ауыз сумен жабдықтау объектілерінің бірінші басшылары стратегиялық объектілерді материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған инвестициялық бағдарламаларда іс-шараларды көздесін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|