«Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 65 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14932 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтеріне тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қызметтер сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигацияның көрсетілетін қызметтеріне, тарифтерді (бағалар, алымдар мөршерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|