Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 23-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 137-НҚ бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|