Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы (2023.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабы 1-тармағының 19-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтердің реттелетiн базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|