«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17355 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларында: 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) депозиттік аукционға қатысу үшін контрәріптеспен депозиттерді (банктік салымдарды) қабылдау туралы және жинақ шотын ашу және жүргізу туралы келісімді (бұдан әрі - Депозиттерді қабылдау туралы келісім) жасайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Депозиттік аукционға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті контрәріптес Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады: 1) Ұлттық Банк басшылығының атына Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасуға өтінішхатты; 2) контрәріптестің депозиттік аукцион шеңберінде депозиттерді (банктік салымдарды) орналастыру бойынша мәмілелерді жасасуға уәкілетті қызметкерлерінің контрәріптес бекіткен тізімді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|